Бала арнайы сыныптан жалпы сыныпқа ауыса ала ма?

Иә. Егер диагностика нәтижелері бойынша мамандар оң динамиканы көрсе, біз бағдарламаны жалпы білім беретін бағдарламаға ауыстыру үшін ПМПК-дан қайта өтуді ұсынамыз.

Мұғалімдер нақты менің баламмен қалай жұмыс істеу керектігін біле ме?

Иә. Біздің барлық педагогтарымыз бен мамандарымыз ЕББҚ бар балалармен жұмыс істеу бойынша біліктілікті арттыру курстарынан тұрақты түрде өтеді. Біз заманауи түзету әдістемелерін

меңгергенбіз және білімімізді үнемі жаңартып отырамыз.

Арнайы сыныптарда қанша бала болады?

Нормативтерге сәйкес, мұндай сыныптардың толымдылығы әдеттегі сыныптарға қарағанда едәуір аз (12 балаға дейін). Бұл мұғалімге әр сабақта әр балаға көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Арнайы сыныпты бітіргеннен кейін кәдімгі аттестат беріле ме?

Иә, ПДТ және САБ бар балаларға арналған сынып түлектері құрдастарымен бірдей мемлекеттік үлгідегі аттестат алады. Аттестатта бағдарламаның бейімделгені туралы көрсетілмейді.

Жалпы сынып оқушылары арнайы сынып оқушыларына қалай қарайды?

Мектепте біртұтас орта қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі. Барлық балалар мерекелерде, үйірмелерде және асханада кездеседі. Біз эмпатия мен өзара құрметті дамытуға

бағытталған «Мейірімділік сабақтарын» тұрақты түрде өткіземіз.