Декада аясында логопедтер мен психолог-педагогтар арасындағы әдістемелік бірлестік шеңберінде Алдамасова А.Ж. жүргізген 4-сынып (ТНР) оқушыларына арналған «Біз әртүрліміз — және бұл қалыпты» тақырыбындағы тренинг өткізілді.
Сабақтың мақсаты — жеке айырмашылықтарды қабылдауды қалыптастыру, эмпатияны дамыту, сыйластықпен қарым-қатынас жасау және әр адамның құндылығын көре білуге үйрету.
Тренинг барысында балалар:
 бір-бірінің күшті жақтарын байқап, атауға үйренді
 әртүрліліктің қалыпты екенін түсінді
 қозғалыс және ойын арқылы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тапты
 ынтымақтастық пен вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын дамытты
 басқалардың сезімін түсінуге үйренді
Жаттығулар, ойындар және бірлескен шығармашылық арқылы балалар маңызды қорытындыға келді:
біз әртүрлі бола аламыз, бірақ сонымен бірге достасып, сыйлап, бір-бірімізді қолдай аламыз.
Балаларды белсенділігі, ашықтығы және достық атмосфера үшін алғыс айтамыз!

== 

«Біз әртүрліміз — және бұл қалыпты»