Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 13 ақпан күні мектебімізде «Magic English Quest» атты қызықты мектептен тыс іс-шара өтті
Квесттің мақсаты:
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін ауызша сөйлеу мен аудармада саналы түрде қолдану дағдысын қалыптастыру;
Тіларалық өзара әрекеттесу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
7 «А» сынып оқушылары тілдік икемділік, эрудиция және нағыз командалық рух көрсете білді!
Квест барысында жасанды интеллект құралдары қолданылды. Бұл тапсырмаларды барынша интерактивті әрі заманауи ете түсті
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















