Мектебімізде ағылшын тілі онкүндігі аясында «Wings of Friendship» атты жарқын әрі шабыттандыратын фото-челлендж өтті.
Қатысушылар үшін қанаттары бар креативті фотожақтау дайындалды: оның бір қанаты Ұлыбритания 🇬🇧 туының түстерімен, ал екіншісі Қазақстан туының түстерімен безендірілген. Мұндай символикалық идея мәдениеттер бірлігін, халықтар достығын және ағылшын тілін халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде үйренудің маңыздылығын айшықтады.
Барлық ниет білдірген оқушылар челленджге үлкен қызығушылықпен қатысты. Балалар ағылшын тіліне деген ынтасын, шығармашылығын және көтеріңкі көңіл-күйлерін көрсете отырып, тақырыптық жақтауда қуана-қуана суретке түсті.
Бұл челлендж онкүндіктің сәнін келтіріп қана қоймай, қатысушыларға жарқын эмоциялар, жаңа әсерлер және үлкен тілдік қоғамдастықтың бір бөлшегі болу сезімін сыйлады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















