2026 жылдың 4 наурызында Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебінде оқушыларды қазақтың батырлық жыры «Алпамыс батыр» арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, батырлық, елжандылық, адамгершілік қасиеттерді насихаттау мақсатында «Алпамыс жыры – намыс пен рухтың мәңгілік дастаны» атты 5–9 сыныптар арасында жатқа айту сайысы өтті.

Сайысқа қатысқан оқушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенділік танытты.

Әділқазы алқасының шешімі бойынша І орынға ие болған 7 «А» сынып оқушысы Колосков Ярослав қалалық кезеңге жолдама алды.