2026жылдың 16 наурыз күні, НО№14мектебінде, қазақ тілі мен әдебиеті онкүдігіне орай 5 «Г» сыныбында «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ашық іс-шара өтті .Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі:Нұрмұхамбетова А.Ш.
Іс-шараның мақсаты : Балаларға қазақтың ұлттық ойындары арқылы халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын таныстырып, туған елге, жерге және Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Оқушылар ұлттық ойындарды ойнап, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Ойын барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттері дамып, қол моторикасы жетілді.
Шара өте қызықты, көңілді әрі тәрбиелік мәні зор болды. Оқушылар ұлттық ойындарға белсене қатысып, жақсы әсер алды.
























