Бүгін 5–7 сынып оқушыларына арналған «Қазақтың ұлттық киімінің тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктерімен танысып, олардың тарихы, ою-өрнектердің мағынасы, бас киімдер мен ұлттық киім элементтері туралы мәлімет алды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қазақ халқының мәдениеті туралы қызықты деректер айтты.
Іс-шараны ұйымдастырған педагогтар:
Шәкімова Н.М., Мадина Ю.А.,Рябыкина А.Е., Лясота С.В.
Дөңгелек үстел танымдық әрі қызықты өтіп, оқушыларға қазақ халқының бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















