Ерте көктемде қалада ағаштардың артық бұтақтарын кесу жұмыстары басталды. Біздің «Экотоп» бұл бұтақтардың зая кетпеуі үшін олардан түрлі бұйымдар жасауға арналған кесінділер (спилдер) дайындады.
Наурыз мейрамы қарсаңында балалар Қазақстанның мәдени мұрасымен таныса отырып, осы ағаш кесінділеріне қазақтың ұлттық ою-өрнектерін күйдіріп басты. Оқушылар өз жұмыстарын ерекше қызығушылықпен әрі ынтамен орындады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















