Мектебімізде көркем еңбек пәнінің мұғалімі Т.И. Слесаренконың жетекшілігімен «Экотоп» мүшелері қайта өңделген джинс матасынан ерекше сурет жасап шығарды. Бұрын кәдеге жаратуға (утилизацияға) арналған бұл материал табиғи мата болғандықтан, экологиялық тұрғыдан таза және ыдырау кезінде қоршаған ортаға зиян келтірмейді.
​Наурыз мерекесіне арналған бұл туындыда халқымыздың салт-дәстүрлері бейнеленген: онда киіз үй, асқар таулар мен көктем мен жаңарудың символы — қызғалдақ суреттелген. Жобаның басты ерекшелігі — шығармашылық пен заманауи технологиялардың ұштасуында. Қазіргі уақытта мектепте жасанды интеллектіні қолдану арқылы жаңа жобалар енгізілуде. Оқушылар өз қиялдары мен шабыттарынан туған туындының «жан біткен» сәтін көру үшін, QR-кодқа үлкен қызығушылықпен камера бағыттайды.