Мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
​«Достық елі» атты викторинасы оқушылардың көпұлтты мемлекетіміздің салт-дәстүрлері мен тарихы туралы білімін сынады. Командалар ерекше тапқырлық пен ұйымшылдық танытты!
«Қазақстан халқының бірлігі» атты дөңгелек үстел ашық пікір алмасу алаңына айналды. Оқушылар бір шаңырақ астында бізді біріктіретін татулықтың, толеранттылықтың және ортақ құндылықтардың маңыздылығын талқылады.