Наурыз мерекесі қарсаңында Жастар бульвары халықтық серуеннің орталығына айналды. Қаланың білім беру ұйымдары қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің барлық байлығы мен алуан түрлілігін паш ететін ауқымды мерекелік бағдарлама дайындады: қонақжай киіз үйлер, берекелі дастархандар, көңілді ұлттық ойындар, әндер мен билер ұйымдастырылды.