2026 жылдың 7 сәуірінде №14 жалпы орта білім беретін мектепте жалпы дамытушы пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Көңілді үзілістер» өтті. Сабақ арасындағы үзіліс кезінде оқушылар қызықты смайликтер салу арқылы өз көңіл-күйлерін білдірді. Бұл іс-шара мектепте жағымды атмосфера қалыптастыруға және оқушылардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуына ықпал етті.
























