Мектептің бочча командасы боччадан Қостанай облысының ашық турниріне қатысуда. Жарыста жеті спорттық класс бойынша 68 спортшы бақ сынап жатыр. Жарыстың алғашқы күні алғашқы жеңістерін сыйлады. Валерий Горбонос, Қайназар Мұхамеджанов, Диас Қожамбетов және Нұрәлі Тәукебаев 1/2 финалға шықты, ертең финалдық ойындарда жеңімпаз анықталады. Мектеп оқушыларының қатысуы жалпы дамыту пәндері әдістемелік бірлестігінің (ӘБ) пәндік апталығына орайластырылған.
























