«Инфо-драйв: деректерді іздеу жолында» цифрлық квесті
​Мектебімізде жаратылыстану-математикалық циклінің апталығы жалғасуда. Бүгін бесінші сынып оқушылары технологиялардың қызықты әлеміне саяхат жасады! 5-сынып оқушылары үшін информатика пәнінен интерактивті квест форматында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.