15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
1-отряд оқушылары техникалық шығармашылық мектебіне барды. Балалар мектепте автомобиль, ұшақ және кеме модельдеу бойынша әртүрлі үйірмелер жұмыс істейтінін білді. Олар мектептің бағыттарымен танысып қана қоймай, ұшақ модельдерін өздері ұшырып көрді. Экскурсия өте қызықты әрі танымды болды: балалар модельдеу туралы көптеген жаңа нәрселерді біліп, техникалық шығармашылық мектебінің үйірмелеріне жазылуға шешім қабылдады.