15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
24 маусымда 2 және 3-отряд №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды.
​Өрт сөндіру бөліміне жасалған сапардың нәтижесінде балалар өрт сөндіруші мамандығы туралы түсініктерін кеңейтіп, өрт сөндіру-құтқару қызметінің жұмысымен, өрт-техникалық жабдықтарымен және арнайы техникамен танысты. Балаларда қауіпсіз мінез-құлық негіздері мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапкершілікпен қарау қалыптасты.