Жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыс аясында №14 ОМ-де оқушыларға арналған «Қауіпсіздік минуттары» өткізілді.
Оқушылар жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған таныстырылымдар мен бейнероликтерді тамашалап, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың жолдағы негізгі қауіпсіздік ережелерін еске түсірді. Сонымен қатар жолда кездесуі мүмкін түрлі жағдайлар талқыланды.
Бейнематериалдарды көргеннен кейін оқушылармен пікір алмасу жүргізіліп, көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері бекітілді.
Өз қауіпсіздігіңізді сақтаңыз! Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз! Мектепке және үйге апаратын жол әрқашан қауіпсіз болсын!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















