19 қыркүйекте Дүниежүзілік тазалық күніне арналған жалпыұлттық акция аясында Қостанай қаласы білім бөлімінің «№14 негізгі орта мектебі» КММ-де аумақтың тазалығын сақтау және абаттандыруға бағытталған сенбілік өтті.
Мектеп педагогтері, техникалық қызметкерлері мен ата-аналар экологиялық акцияға қатысып, қоршаған ортаға деген қамқорлық әрқайсымыздан басталатынын көрсетті.
Тазалық — бұл тек айналамыздағы тәртіп қана емес, сонымен қатар планетамыздың болашағына деген жауапкершілігіміз! Әрқайсымыз өзімізден, кішкентай игі істерімізден және жеке үлгімізден бастайық.
Өзіңнен баста!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















