Қысқы демалыс кезеңіндегі оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. Қысқы демалыс кезеңінде 7 «А» және 7 «Б» сынып оқушылары Ы. Алтынсарин атындағы кітапханаға барды.Оқушылар үшін жаңа жылдық танымдық-ойын-сауықтық іс-шара ұйымдастырылып, оған тақырыптық ойындар, байқаулар мен түрлі тапсырмалар енгізілді.Аталған іс-шара мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, коммуникативтік дағдыларын дамытуға және бос уақытын тиімді, ұйымдасқан түрде өткізуге ықпал етті.