Біз әртүрліміз - және бұл қалыпты»
Декада аясында логопедтер мен психолог-педагогтар арасындағы әдістемелік бірлестік шеңберінде Алдамасова А.Ж. жүргізген 4-сынып (ТНР) оқушыларына арналған «Біз әртүрліміз - және бұл қалыпты» тақырыбындағы тренинг өткізілді.
Сабақтың мақсаты - жеке айырмашылықтарды қабылдауды қалыптастыру, эмпатияны дамыту, сыйластықпен қарым-қатынас жасау және әр адамның құндылығын көре білуге үйрету.
Тренинг барысында балалар:
бір-бірінің күшті жақтарын байқап, атауға үйренді
әртүрліліктің қалыпты екенін түсінді
қозғалыс және ойын арқылы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тапты
ынтымақтастық пен вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын дамытты
басқалардың сезімін түсінуге үйренді
Жаттығулар, ойындар және бірлескен шығармашылық арқылы балалар маңызды қорытындыға келді:
біз әртүрлі бола аламыз, бірақ сонымен бірге достасып, сыйлап, бір-бірімізді қолдай аламыз.
Балаларды белсенділігі, ашықтығы және достық атмосфера үшін алғыс айтамыз!
https://mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1496-biz-rt-rlimiz-zh-ne-b-l-alypty-2.html#sigFreeIdbf65cdb2f0
























