2026 жылғы 30 қаңтарда Қостанай қаласының Оңтүстік полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп – балалар қауіпсіздігінің кепілі» бағдарламасы аясында іс-шара өтті.
​Шараның басты оқиғасы — «Этюд» көркемсурет студиясы мен «Отражение» балалар студиясының тәрбиеленушілері арасында өткен «Полиция балалар көзімен» атты сурет байқауының қорытындысын жариялау болды. Байқауға біздің мектебіміздің оқушылары Арзиев Алинур мен Қарабаева Дилара қатысты.
​Сондай-ақ, жас қонақтар үшін бөлім бойынша экскурсия ұйымдастырылып, қызметтік автокөліктер көрсетілді. Балаларға полицияның қалай жұмыс істейтіні және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтылды. Барлық жас қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.