26 қаңтар күні «Шаңырақ» демалыс базасында білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері арасында облыстық кәсіподақ қысқы спартакиадасы өтті. Қостанай қаласының намысын 10 адамнан тұратын команда қорғады. Біздің мектебімізден дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.С. Савгуров қатысты.
Александр Сергеевич спорттың екі түрінен бақ сынап, жүлделі орындарды иеленді:
«Шаңғы жарысы» (2 км) — 1-орын;
«Эстафета» — 1-орын.
Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай қаласының кәсіподағы жалпыкомандалық есепте де бірінші орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!!
https://www.mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1634-26-a-tar-k-ni-sha-yra-demalys-bazasynda-bilim-beru-jymdary.html#sigFreeId830cfc5048
























