Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі онкүндігі аясында 2026 жылдың 19 ақпанында мұғалім А.Е. Рябыкина 9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушылары арасында «Mission Possible» атты квест-ойын өткізді.

​Ойынның мақсаты - оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын ойын түрінде арттыру болды. Оқушылар «агенттер» рөлінде ойнап, жасанды интеллектінің қателіктерін түзеді және алған білімдерін шынайы коммуникативтік жағдайларда қолдана отырып, ағылшын тілін «құтқарып» қалды.

​Оқушылар тілдік дағдыларын бекітіп қана қоймай, сонымен қатар сыни ойлау, зейінділік пен жауапкершілікті дамытып, ағылшын тілін сәтті «қалпына келтіру» арқылы миссияны толығымен орындап шықты.