Халықаралық әйелдер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс ​7 наурыз күні мереке қарсаңында Халықаралық әйелдер күніне арналған қалалық жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті. Бұл іс-шараға біздің мектептің оқушылары қатысты. ​Сыпало Каролина, 7 «Б» сынып оқушысы - 1600 метр қашықтықта 3-орынға ие болды; ​Богдевич Милана, 5 «А» сынып оқушысы - 800 метр қашықтықта 3-орынға ие болды. ​Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Савгуров Александр Сергеевич 2400 метр қашықтықта 1-орынды иеленді. ​Жеңімпаздарды құттықтаймыз!