2026 жылғы 10 наурызда біздің мектепте педагогтарды марапаттау рәсімі өтті. Бұл күні заман ағымынан қалмай, әр оқушының әлеуетін дамытуға жан-тәнімен үлес қосып жүрген ұстаздар ерекше атап өтілді.

«Педагогикалық IT-блог: ЖИ қолдану кейсі» мектеп байқауының жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары грамоталармен марапатталды. Әріптестеріміз жасанды интеллектінің заманауи білім беру процесінде қалай тиімді көмекші бола алатынын көрсетті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жетістікке сәтті қадам» республикалық конкурсының мектепшілік кезеңіне қатысушыларды дайындаған педагог-тәлімгерлер алғыс хаттарға ие болды.

​Сіздердің еңбектеріңіз - балаларымыздың сенімі мен болашақ жеңістерінің берік іргетасы!