15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
Жазғы алаңда еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Татьяна Иосифовна Слесаренко балаларға арналған «Жіппен сиқырлы сурет салу» атты шеберлік сыныбын өткізді.
​Балалар сурет салудың ерекше техникасымен танысып, өз қиялдарының арқасында жарқын да қайталанбас туындылар жасап шығарды. Сабақ қызықты әрі шығармашылық рухта өтіп, баршаға тамаша көңіл-күй сыйлады!