15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
16 маусым күні «Успех» жазғы мектеп жанындағы лагерінің 1-ші жасақ оқушылары Ы. Алтынсарин атындағы кітапханаға барып, экологиялық сағатқа қатысты. Балалар «Табиғатқа дос бол» атты викториналық ойынның сұрақтарына қызығушылықпен жауап беріп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы білімдерін толықтырды.