15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
18 маусым күні 2-ші маусымның оқушылары (1, 2 және 3-ші отрядтар) Орыс драма театрына барып, «Рыжий Тоша» спектаклін тамашалады. Қойылым балаларға қауіпсіздіктің маңызды ережелерін қызықты әрі түсінікті түрде еске салды: үлкендердің рұқсатынсыз бөтен адамдармен сөйлесуге және олармен бірге кетуге болмайды. Балалар спектакльден жарқын әсер алып қана қоймай, өмірлік маңызды сабақ та алды.
https://www.mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/2047-ryzhij-tosha-spektaklin-tamashalady.html#sigFreeId0a48ed81b4
























