15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
18 маусым күні 4-ші отрядтың балалары тарихи-өлкетану музейінің көркемсурет галереясына барды. Онда А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры А.Б. Шалғынбековпен кездесу өтті. Профессор Әкелер күніне арналған іс-шарада «Адам өміріндегі әкенің рөлі қандай?» тақырыбында сөз сөйледі.
Адам өміріндегі әкенің рөлі — ағаштың тамыры іспетті. Олар әрқашан көріне бермейді, бірақ онсыз ағаш мықты да биік бола алмайды. Балалар профессорды қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Рефлексия барысында балалар қағаз парақтарына әкенің қандай болуы керектігін жазды. Нәтижесінде үлкен әрі әдемі «ағаш» пайда болды. Кездесуден кейін бізді галерея бойынша экскурсияға шақырды. Балалар қазақстандық суретшілер туралы көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтер алды.
https://www.mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/2049-keler-k-nine-arnal-an-is-sharada-adam-mirindegi-keni-r-li-andaj-ta-yrybynda-s-z-s-jledi.html#sigFreeId62a08c1f14
























