15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
19 маусым күні 1-ші жасақтың оқушылары Ыбырай Алтынсарин атындағы кітапханаға барды. Балалар үшін «Ертегілер әлемінде» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар танымал ертегілерді еске түсіріп, сүйікті шығармаларынан көріністер қойды, сонымен қатар ертегі кейіпкерлерін ертегі атауларымен сәйкестендіру бойынша тапсырмаларды орындады. Шара өте қызықты әрі танымды өтіп, қатысушыларға көптеген жағымды әсер сыйлады.