15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
19 маусым
2-3 отрядтар Қостанай облысының Кинологиялық қызмет орталығына барды.
Балалар кинологтардың жұмысымен және олардың төрт аяқты достарымен танысты. Олар иттердің кедергілер жолағынан қалай өтетінін, тыйым салынған заттарды қалай табатынын және қылмыскерді қалай ұстайтынын өз көздерімен көрді. Балалар иттерді өз қолдарымен тамақтандырып, сипап, мәз-мейрам болды.
https://www.mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/2055-ostanaj-oblysyny-kinologiyaly-yzmet-ortaly-yna-bardy.html#sigFreeIdf08c7fa87e
























