15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
19 маусымда 4-ші отрядтың балалары қалалық техникалық шығармашылық мектебіне барды. Экскурсия жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Мақсатқа қол жеткізілді: оқушыларда техника әлемі мен болашақ мамандықтар туралы алғашқы түсінік қалыптасты. Бұл іс-шара балаларды өнертапқыш болу үшін жақсырақ оқуға ынталандырады.
https://www.mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/2057-4-shi-otryadty-balalary-alaly-tekhnikaly-shy-armashyly-mektebine-bardy.html#sigFreeId3d9ea3862a
























