15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
22 маусымда 4-ші отрядтың балалары «Триатлон саябағына» барды. Экскурсия сәтті өтіп, денсаулыққа пайдалы болды. Мақсат орындалды: балалардың спортқа деген қызығушылығы артты және туған қаламыз Қостанайдағы заманауи спорт нысанын мақтан тұтты. Мұндай сапарларды тоқсанына бір рет дәстүрге айналдыруды ұсынамыз.