15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
23 маусым күні 4-ші отрядтың балалары «Март» СОО-да орналасқан «Арман» кинотеатрына барды. Достыққа, өзара көмекке және заттарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу мақсатында балалар «Ойыншықтар құпиясы 5» мультфильмін тамашалады. Мультфильмді көру сәтті өтті. Мақсатқа қол жеткізілді: ойыншықтар тарихы арқылы балалар достық пен адалдық сабағын түсінікті тілде меңгерді. Мультфильм балаларда ерекше әсер қалдырып, маңызды әңгімеге арқау болды.