15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
24 маусым күні 4-отрядтың балалары ұлы қазақ педагог-ағартушысы Ы. Алтынсарин атындағы мұражайға барды. Экскурсия жоғары идеологиялық-тәрбиелік деңгейде өтті. Мақсатқа қол жеткізілді: Ы. Алтынсариннің бейнесі балалар үшін еңбекқорлық пен білімге құштарлықтың үлгісіне айналды. Оқушылар: «Өмірде өз орныңды табу үшін көп оқып, білім алу керек» деген түйінге келді.