15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
24 маусым күні жазғы лагерьдің бірінші отрядының тәрбиеленушілері «Арман» кинотеатрына барып, «Ойыншықтар хикаясы 5» мультфильмін тамашалады.
​Мультфильмнің негізгі идеясы – балалар мен олардың ойыншықтары арасындағы достықтың құндылығы, адалдық, өзара көмек және бір-біріне деген қамқорлық.
​Мультфильм мынадай құндылықтарға үйретеді:
​шынайы дос болуға және қиын сәтте жақындарына қолдау көрсетуге;
​достық пен сенімді бағалауға;
​көмекке мұқтаж жандарды тастамауға;
​мейірімді, жанашыр және жауапты болуға;
​өзіне сенуге және өзгерістерден қорықпауға.
​Көрсетілімнен кейін балалар кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылап, шынайы достық кез келген қиындықты жеңуге көмектесетініне және өмірді жарқын әрі қызықты ететініне көз жеткізді.