6 қазанда Ұстаздар күнін мерекелеу аясында педагогтерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
№14 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Исмурзина Валентина Анатольевна Қостанай қаласының әкімі Марат Жандубаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл марапат Валентина Анатольевнаның кәсіби шеберлігіне, көп жылғы еңбегіне, ұстаздық қызметке деген адалдығына және білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесіне берілген лайықты баға болды.
Валентина Анатольевна, лайықты марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге алдағы уақытта толағай табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
https://mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/2132-6-azanda-stazdar-k-nin-merekeleu-ayasynda-pedagogterdi-saltanatty-marapattau-r-simi-tti.html#sigFreeId3ddabf3a1f
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















